Лабораториялық тәжірибелер күніне арналған STEM көрмесі (робототехника, IT жобалар)

23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай
«Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» онкүндігі аясында
Лабораториялық тәжірибелер күніне арналған STEM көрмесі (робототехника, IT жобалар) ұйымдастырылды.

Аталған шараның мақсаты – оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, заманауи технологияларды меңгеруге баулу және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Көрме барысында оқушылар өздерінің робототехника бағытындағы жобаларын, IT саласындағы тың идеялары мен әзірлемелерін таныстырып, тәжірибелік жұмыстарын көрсетті. Жас өнертапқыштар білім мен технологияны ұштастыра отырып, болашаққа деген сенімді қадам жасай алатындарын дәлелдеді.

🔬📖 Ғылым мен білім – жарқын болашақ кепілі!
Жаңашыл ұрпақ – ел ертеңі!

#ҚРОқуАғартуМинистрлігі; #БалаларКітапханасы; #ҰлттықКітапКүні; #РеспубликалықҒылымиПедагогикалықКітапхана; #Онкүндік; #АдалАзамат #Ұлттықкітапкүні_СКО

Источник дополнительной информации