«Қазіргі балалар және рухани құндылықтар» пікірталасы

📚 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» онкүндігі аясында «Қазіргі балалар және рухани құндылықтар» тақырыбында мазмұнды пікірталас өткізілді.

Іс-шара барысында оқушылар бүгінгі қоғамдағы бала тәрбиесі, кітап оқудың маңызы және рухани құндылықтардың рөлі туралы өз ойларын ортаға салды. Пікірталасқа қатысушылар әдебиеттің бала санасының қалыптасуына, адамгершілік қасиеттердің дамуына ықпал ететінін ерекше атап өтті.

📖 Жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеу – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі екені сөз болды.

✨ Кітап – рухани байлықтың қайнар көзі!

#ҚРОқуАғартуМинистрлігі; #БалаларКітапханасы; #ҰлттықКітапКүні; #РеспубликалықҒылымиПедагогикалықКітапхана; #Онкүндік; #АдалАзамат #Ұлттықкітапкүні_СКО

Источник дополнительной информации