«Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» онкүндігі аясында мектебімізде
📖 «Ахмет Яссауи рухани мұрасы» атты көрме ұйымдастырылып, оқушыларға тағылымы мол фильм көрсетілді.
Ахмет Яссауи мұрасы – ұрпаққа рухани тәрбие берудің сарқылмас қазынасы. Көрме барысында оқушылар ғұламаның өмірі мен еңбектерімен танысып, оның терең ойлары мен адамгершілікке үндейтін тағылымдарын бойларына сіңірді.
🎬 Фильм көрсету арқылы балалардың рухани дүниесі байып, ұлттық құндылықтарға деген құрметі арта түсті.
📌 Мұндай іс-шаралар жас ұрпақты кітап оқуға баулып, ұлттық сана мен рухани мәдениетті қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
#ҰлттықКітапКүні #БалаларӘдебиеті #АхметЯссауи #РуханиТәрбие #МектепӨмірі #КітапОқу #ҰлттықҚұндылықтар ✨



