№3 Смирново орта мектебі мектебінде мектеп медбикесі оқушылармен «Жеке бас гигиенасы» тақырыбында түсіндіру әңгімесін өткізді. Әңгіме барысында оқушыларға тазалық сақтаудың денсаулық үшін маңызы туралы айтылды.
Медбике оқушыларға қолды сабындап жиі жуу, тырнақты таза ұстау, күнделікті жуыну, тісті таңертең және кешке тазалау сияқты қарапайым гигиеналық ережелерді түсіндірді. Сонымен қатар дұрыс тамақтану, таза киім кию және бөлмені таза ұстаудың пайдасы жөнінде мәлімет берілді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды. Медбике жеке бас гигиенасын сақтау түрлі аурулардың алдын алуға көмектесетінін атап өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау туралы әңгіме өткізді.




