«Айгөлек» шағын орталығымызда 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесі ата-аналарсыз, тек балабақша ішінде атап өтілді. Соған қарамастан, бүлдіршіндеріміз бар өнерлерін көрсетіп, әсем ән айтып, мың бұрала би биледі, жүрекке жылы тиер тақпақтарын тарту етті.
Балалардың әрбір қимылы мен өнерінен аналарға деген сағыныш пен шексіз сүйіспеншілік сезіліп тұрды. Мереке өте әсерлі, жылы әрі есте қаларлықтай өтті. 🌷

